93 депутаттың 76-сы жобаға дауыс берді. 7-еуі – қарсы, 9-ы – қалыс қалды
Парламент Мәжілісі Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дауыс беру көрсеткіші мынандай: 93 депутаттың 76-сы жобаға дауыс берді. 7-еуі – қарсы, 9-ы – қалыс қалды.
Кодекс жобасы аясында салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ салық жеңілдіктерінің санын қысқарту көзделеді.
Корпоративтік табыс салығының ставкалары:
Базалық мөлшерлеме 20% деңгейінде қалады.
Қолданыстағы арнайы салық режимдері үшке дейін қысқарады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларация негізінде және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.