Қазақстанда пәтер тонап жүрген 25 қылмыстық топ ұсталды

Автор: Асыл Арман

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Фото: freepik

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда соңғы бес жылда пәтер ұрыларының саны 14 мыңнан 6 мың дерекке дейін, яғни екі жарым еседей азайғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айлакер ұрылардың қылмыстық әрекетінің жолын кесу бойынша шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

«Алматы қаласында криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Топ құрамында үш адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша шығын – 10 млн теңге», - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 2025 жылдың үш айында ел бойынша пәтер ұрлығын жасағаны үшін 25 қылмыстық топ ұсталды.