Қайғылы оқиға Шамалған ауылының маңындағы тас жолда болды
Алматы облысында қатты желдің салдарынан құлаған ағаш ер адамның өліміне себеп болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 7 сәуірде Алматы-Бішкек тас жолының 37-ші шақырымында, Қарасай ауданындағы Шамалған ауылының маңында болды.
"Қатты желдің салдарынан ағаш құлап, 46 жастағы ер адам қаза тапты. Осы оқиға бойынша полиция қызметкерлері мен уәкілетті органдар жан-жақты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.
Полиция азаматтарды қолайсыз ауа райы кезінде сақтық шараларын сақтауға және төтенше жағдайлар қызметінің нұсқауларын орындауға шақырды.