«ҚазАвтоЖол» мәлімдеме жасады
Астана-Павлодар тасжолындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпір жөндеу жұмыстарына байланысты жабылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 8-11 сәуір аралығында Павлодар облысында «Павлодар – Астана» автожолының учаскесіндегі Ертіс өзені арқылы өтетін көпірде жол жабынын қалыпқа келтіру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Жөндеу жұмыстары кезінде қозғалыс реверсивті түрде ұйымдастырылатын болады.
Жүргізушілерді жол қауіпсіздік ережелері мен жылдамдық режимін сақтап, алдын ала сапарларыңызды жоспарлауды сұраймыз», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.