Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарына ауа райына байланысты ескерту жасады
Астанада ауа райының күрт бұзылуына байланысты құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 8 сәуірде кей уақыттарда найзағай және түнде және таңертең тұман күтілетінін хабарлайды.
«Осыған байланысты, елордалық ТЖ департаменті азаматтардан ауа райы жағдайларын ескеруді және қала бойынша жүру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды», - делінген әкімдік хабарламасында.