Әншінің көмекшісі бұл жағдайға кеш ұйымдастырушыларын кінәлапты
Ақтаудағы концертте Kalifarniya әннің ырғағына ілесе алмай, тыңдармандардың көңілін қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
КТК телеарнасының мәліметінше, жанды дауыста өнер көрсеткен ол репертуарындағы танымал «Қар» әнін нотадан ауытқып, қалай болса солай орындаған.
Әншінің өнерін жұрт әлеуметтік желіде қызу талқылап жатыр. Бірі «Калифарнияны» «артық салмақ қосып, содан дауысы жетпей тұр» десе, екіншісі «екі нотаның арасында жүр» деп сынаған. Ал әншінің көмекшісі бұған концерттің техникалық дайындығы аз болған деп, кеш ұйымдастырушыларын кінәлапты.