Енді Talgo-ны жолаушылар тасымалынан басқа мақсатқа да қолдануға болады

Автор: Бақыт Шынар

Жоба жүк жеткізу мерзімін қысқартуға, тасымалдау сапасын арттыруға бағытталған

Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Астанадан Алматыға Talgo пойызы арқылы алғаш рет 1,7 тонна коммерциялық жүк жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл тасымал Ұлттық тасымалдаушы мен еліміздегі fashion-ритейлерлердің 80%-дан астамына қызмет көрсететін Warehouse Management IAA компаниясының серіктестігімен жүзеге асты», - деп жазылған хабарламада.

Жоба жүк жеткізу мерзімін қысқартуға, тасымалдау сапасын арттыруға және сән индустриясы бизнесіне сапалы логистикалық қызмет ұсынуға бағытталған. Серіктестер Қазақстанның ірі қалалары арасында тұрақты жүк тасымалын дамытуды жоспарлап отыр.

Жаңа модель 1000-нан астам дүкен мен 2500-ге жуық сауда нүктесіне тауар жеткізуді оңтайландырып, өңірлерде өнімнің қолжетімділігін арттырады. Жолаушылар пойыздары арқылы жүк тасымалдау шығындарды азайтып, жеткізу сапасын жақсартады. Ұлттық тасымалдаушы бұл модель жолаушылар қауіпсіздігіне сай екенін және бизнеске тиімді логистика құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.