Алдын ала мәлімет бойынша бозбала бокспен айналысады
Жетісу облысында жасөспірім қарт адамды аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
6 сәуірде Өтенай ауылында болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алдын ала мәлімет бойынша 86 жастағы зейнеткерге жұдырық жұмсаған бозбала бокспен айналысады.
Облыстық полиция денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Баланың әрекеті желі қолданушыларының ашуын туғызды. Олар «Үлкен кісіде несі бар, тәрбие көрмеген», Жасөспірімді қатаң жалау керек», «Не болып кетті, балалардың болашығы үшін қорқамын!», - деп жазып жатыр.