Прокуратура жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Талғар ауданында 100 млрд теңгеден астам қаржы салған және 1 мың жұмыс орнын ашқан ірі инвесторлардың құқығы бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қадағалау органының анықтауынша, Талғар ауданының жергілікті атқарушы органдары «Evergreen Investment» ЖШС демалыс аймағын салу үшін қажетті рұқсат құжаттарын негізсіз бермеген.
Бұл жағдайға прокуратура жедел әрекет етіп, аудан прокурорының актісі бойынша инвесторға қажетті рұқсаттарды алуына қол жеткізді және кінәлі тұлғаны жауапқа тартты.
«Сонымен қатар, «Маревен Фуд» ЖШС банктік шотына жеке сот орындаушысы тарапынан азаматтық іс бойынша талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында заңсыз тиым салу фактісі анықталды.
Талап арызын өтеу үшін жеткілікті қаражаты бар бөлек шотың болғанына қарамастан, сот орындаушысы компанияның барлық қаражатқа ерікті түрде тиым салып, оның қызметін тоқтатты. Прокуратураның наразылығынан кейін тиым салу алынып, инвестордың құқықтары қалпына келтірілді», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.