Жұмыстар тәулік бойы жүргізіледі
Ақмола облысының Старый Колутон ауылында болып жатқан су тасқынына қарсы күреске Ақм ТЖМ 28237 әскери бөлімінен әскери қызметшілер тобы жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әскери қызметшілер ықтимал су басу аймағында қорғаныс құрылыстарын нығайту жұмыстарын жедел орындауға кірісті.
«Қазіргі уақытта жауынгерлер қапшықтарды инертті материалмен толтыруды аяқтады және оларды тәуекел аймағына кіретін аула аумақтарында төсейді. Жұмыстар тәулік бойы жүргізіледі.
ТЖМ қосымша күштерін тарту су тасқыны салдарын азайтуға және ауыл халқы мен инфрақұрылымын қорғауға бағытталған», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.