Алматы облысында аптап ыстық болады

Автор: Azattyq Rýhy

Синоптиктер 3-5 маусым аралығында күн ыситынын ескертті

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында ауа температурасы 42 градусқа дейін көтерілмек. Төтенше жағдайлар комететі ел тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аптап ыстық еліміздің 7 өңірінде  3-5 маусым аралығында болады деп күтілуде. ТЖК мәліметінше, алдағы күндері Атырау облысында күн ысып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

«Аптап ыстық Қызылорда облысын да айналып өтпейді. Бұл өңірде температура 47 градусқа дейін жетеді. Сонымен қатар Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе облыстарында  да күн ыстық болатыны айтылды. Бұл бес облыста  35-38 градусқа, кей аумақта 40-42 градус ыстық болады деген болжам бар», - делінген ТЖК хабарламасында.

Аталған жағдайға байланысты ТЖД ел тұрғындарына ескерту жасап, суға шомылу кезінде аса сақ болуға шақырды.