Қызылордада жылу радиаторының арасына 7 жасар қыздың аяғы қысылып қалды

Автор: Бақыт Шынар

Құтқарушылар қыз баланың аяғын арнайы гидравликалық құралмен шығарып алды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қызылордадағы тұрғын үйлердің бірінде жылу радиаторы қабырғаларының арасына 7 жасар қыздың аяғы қысылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оқиға орнына келген құтқару жасағының қызметкерлері жылу батареясынан қыз баланың аяғын арнайы гидравликалық құралмен шығарып алды. Бала аман-есен», - деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Баланың ата-анасы тәжірибелі мамандар құтқару операциясын жүргізу кезінде баланың аяғын да, үйдің жылыту жүйесін де зақымдамағаны үшін алғыс білдірді.