Ғаламторда танымал қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжанның тойынан видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейнежазбадан Динара Сәтжан Forbes тізіміне енген миллиардер Жұмабек Жанықұловпен бірге тұрғанын көруге болады.
Бақытты ерлі-зайыпты жаңа піскен жидектермен безендірілген үлкен торттың алдында суретке түскен.
Бейнежазба әлеуметтік желі қолданушыларының назарын бірден аударды.
"Динара - қарапайым және әдепті қыз, бұл менің жеке пікірім, ол мейірімді, әрқашан бәріне көмектесіп жүреді", "Екеуі жарасып тұр", "Жәке сымбатты жігіт", "Күйеуі сымбатты жігіт, бақытты болыңыздар", "Әдемі жұп", "Иә, олар ұқсайды!», - деп жазды ғаламтор қолданушылары.
2 сәуірде тележүргізуші бизнесмен Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шықты.