Жалолов Астанада өткен бокс кешінде украиналық Игорь Шевадзуцкийді төрешілер шешімімен жеңді
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Астанадағы бокс кешіне келген Олимпиаданың екі дүркін чемпионы өзбекстандық Баходир Жалоловпен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесудің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Қазақстандық боксшы қарсыласына шапан шауып, қонақжайлылық танытты.
«Спортта қарсылас болсақ та, өмірде біз доспыз», - деп Қамшыбек боксшының алдағы жекпе-жектеріне сәттілік тіледі.
Еске сала кетейік Жалолов Астанада өткен бокс кешінде украиналық Игорь Шевадзуцкийді төрешілер шешімімен жеңді.