Синоптиктер бұл қала тұрғындарына серуендемеуді ұсынды
6 сәуір, жексенбі күні еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады. Бұл — атмосферадағы зиянды қоспалардың таралуын қиындататын табиғи құбылыс. Соның салдарынан ауа сапасы төмендеп, тұрғындар денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.
Мамандар мынадай сақтық шараларын ұстануға кеңес береді:
Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет»сәуір айында ел аумағында тұрақсыз ауа райы болатынын ескерткен еді. Көптеген өңірде жауын-шашын, желдің күшеюі мен ауа температурасының құбылмалы болуы күтіледі.