Бірінші сыныпқа қабылдауға үш күнде 24 мыңнан астам өтініш түскен

Автор: Дәулет Ботагөз

Өтініш қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

2025–2026 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдау 31 тамызға дейінжалғасады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Орта білім комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Білім туралы» заңға сәйкес, бірінші сыныпқа алты жасқа толған балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Комитет мәліметінше, құжат қабылдау басталған алғашқы үш күнде 24 мыңнан астам өтініштүскен. Ең белсенді аймақтар – Астана қаласы мен Түркістан облысы. Сонымен қатар ата-аналардың шамамен 70%-ы баласын мемлекеттік тілде оқытуға ниет білдірген.

2025 жылы мектеп табалдырығын алғаш аттайтын оқушылардың саны 370 мыңнан асады деп күтілуде.

Өтініш берудің бірнеше тәсілі бар:

  • онлайн форматта eGov.kzпорталы немесе eGov Mobileмобильді қосымшасы арқылы;
  • дәстүрлі жолмен – мектепке тікелей барып тапсыруға болады. Құжаттар  демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.