Науқас «Ми-8» маркалы тікұшағы арқылы жеткізілді
ШҚО-да әйел адамның жағдайы күрт нашарлап, тікұшақ арқылы облыс орталығындағы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Науқас ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді.
«ШҚО Зайсан ауданының тұрғынына шұғыл медициналық көмек қажет болды. Науқасты әуе арқылы жедел тасымалдау үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ «Ми-8» маркалы тікұшағы тәжірибелі санавиация дәрігерлерімен жіберіліп, науқасты жеткізу ұйымдастырылды.
ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары Руслан Ағламбеков пен Бауыржан Бөтенбаев 1969 ж.т. ауыр жағдайдағы науқас әйелді Зайсан ауданынан облыс орталығына одан әрі көмек көрсету үшін тікұшақпен жедел жеткізді», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, санавиация дәрігерлері облыс орталағына жеткенше науқастың жағдайын бақылап отырды.