Катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болды
Таиландта қайық өртеніп, қазақстандықтардың паспорты жанып кетті, енді олар ары қарай демала беретін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаға қатысты Қазақстанның Сыртқа істер министрлі мәлімдеме жасады.
«Катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болды. Олардың барлығы дін-аман, Таиландта демалыстарын жалғастыру туралы шешім қабылдады. Екі азаматтың паспорттары өртеніп кетті. Ертең консул оларға уақытша құжаттарды ресімдеп, сонымен Қазақстанға орала алады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Таиландта Қазақстанның туристері мінген қайық жарылып, түгі қалмай жанып кеткені хабарланған болатын.