Қарағанды облысында мемлекеттік сатып алу саласында 9 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

Автор: Асыл Арман

Сотқа уақытылы жүгінбеген 178 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысында үш жыл ішінде мемлекеттік сатып алу және бюджет саласында 9 мыңнан астам заңбұзушылық анықталған. Негізсіз төлемдер 50 млрд теңгені, тиімсіз жоспарлау – 19 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметіне сәйкес, өнім жеткізушілерді жосықсыз деп тану туралы сотқа уақытылы жүгінбеген 178 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Жыл басынан бері прокурорлардың наразылығы бойынша сомасы 5 миллиард теңгеден асатын 13 сатып алу тоқтатылды. Сметалар мен техникалық құжаттамадағы асыра бағалау 400 миллион теңгеден асты.

Әкімдікке бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейту қажеттілігі және жосықсыз жеткізушілерді бақылау үшін электронды платформа құру ұсынылды.

Бюджетті жоспарлау және атқару мәселелеріне ерекше назар аударылды. Шешімдер аймақтың экономикалық жағдайын егжей-тегжейлі талдауға негізделуі және инвестицияның басым бағыттарын ескеруі тиіс», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.