Ел астанасынан бөлек тағы бірнеше қала шабуылға ұшырады
АҚШ әскері Йеменде 30-дан астам әуе шабуылын жасады. Саада мен Әл-Джауф провинциялары, сондай-ақ ел астанасы Сана шабуылға ұшырады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Хуситтер тобы бақылайтын Al-Masirah телеарнасы әуежай мен қала орталығының бір бөлігі соққыға ұшырағанын хабарлады. Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігінің (хуситтер бақылауында) хабарлауынша, жеті адам жараланған.
Наурыз айының ортасында Америка Құрама Штаттары жаһандық жүк тасымалының негізгі тасымалдау жолы болып саналатын Қызыл теңіздегі кемелерге хуситтердің шабуылдарын тоқтату үшін ірі әскери операция бастаған.
Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп жасақтарды «толық» жойып жібереміз деп қорқытты.
Хуситтер өз кезегінде, Израильдің ХАМАС-қа қарсы соғысына байланысты кемелерге шабуыл жасайды.