Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Теміртауда бір топ бозбала қарт кісінің үйіне баса-көктеп кіріп, өзін соққыға жығып қана қоймай, видеоға түсіріп алғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео әлеуметтік желіде таралып үлгерді. Egov.press мәліметіне сүйенсек, олар қарт кісіге өздерін электрик ретінде таныстырып, есігін ашқан соң баса-көктеп кірген.
Қарт кісі жалғыз өмір сүреді, жақындарының бәрі қайтыс болған. Жергілікті полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғағаны туралы хабарланды.
Қарағанды облысының полиция департаменті кәмелетке толмағандардың барлығы анықталып, заңды өкілдерімен бірге Теміртау полиция бөлімінің шығыс бөліміне жеткізілгенін хабарлады.
«Осы жылдың 29 наурызында аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.