Қазақстандық сейсмологтар тағы да жер сілкінісін тіркеді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Мамандар жер асты дүмпуіне қатысты мәлімдеме жасады

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «ҰТКЖҒЗИ» АҚ сейсмикалық стансалар желісі 30 наурызда Астана уақытымен сағат 17:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 584 км қашықтықта орналасқан. Болжалды қарқындылық (баллмен) Қазақстан Республикасының аумағында сезілмейді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жуырда Жамбыл облысының Меркі ауданында 5 баллдық жер сілкінісі болғаны хабарланған.