Алматы облысында алаяқтардан 230 млн теңге тәркіленді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Облыстық Полиция департаменті жағдайды түсіндіріп берді

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Алматы облысында алаяқтардан заңсыз жолмен тапқан 230 млн теңге тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, интернет-алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде антифрод-орталығы арқылы 230 миллион теңгеден астам алаяқтық жолмен алынған қаражат бұғатталды.

«Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 953-бабына сәйкес, дропперлерден заңсыз байығаны үшін 22 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді, ал полиция органдарының ұсынуы бойынша 42,5 миллион теңгеден астам сомаға 32 жалған несиенің өндіріп алуы уақытша тоқтатылды», - делінген Полиция департаменті хабарламасында.