Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатында алтын, күміс, қола жеңіп алды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын бес медальмен аяқтады

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық палуандар Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен алтын, күміс, қола медальдарін жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нұрқожа Қайпанов 74 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Ол Қырғызстан спортшысы Орозбек Токтомамбетовпен кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті.

Ол өткен жылы олимпиадалық емес салмақта (70 келі) әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын.

Ал 86 келіге дейінгі салмақта күрескен Болат Сақаев күміс медаль иегері атанды. Ол ақтық сында Иран спортшысы Абольфазл Рахманиге 11:4 есебімен есе жіберді.

Азамат Дәулетбеков 92 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық балуан Шерзод Пойоновпен өзара мықтыны анықтады. Қола медаль үшін болған белдесуде Азамат Дәулетбеков 1:2 есебімен басым түсті.

Ал осыған дейін Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) күміс алса,  Рахат Қалжан (57 келіге дейін) қола медаль иеленген еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын бес медальмен аяқтады.