Үш қызметкер белгіленген жұмыс уақытынан кейін де қызмет орнында болғаны белгілі болды
Қостанай облысының Сарыкөл ауданы әкімінің аппаратында 300-ден астам заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy TobolInfo-ға сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті жоспарлы тексеру жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтаған. Оның басым бөлігі мемлекеттік қызметшілердің құқықтарына қатысты.
Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істеуі тиіс. Алайда үш қызметкер белгіленген жұмыс уақытынан кейін де қызмет орнында болған. Тексеруден кейін оларға қосымша демалыс берілді.
Тексеру қорытындысы бойынша аудан әкімінің аппаратына барлық анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.