«Өте қиын болып жатыр»: Лондонға көшіп кеткен Елдос Сметов ағылшын тілін үйреніп жүр

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол ауызашар кезінде журналист Ғалымжан Қараманұлымен кездескен

Фото: gov.kz

Олимпиада чемпионы, танымал қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов ағылшын тілін меңгеріп жүргенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Лондонда ауызашар кезінде спортшы журналист Ғалымжан Қараманұлымен кездесіп, Ұлыбританияға тіл үйрену мақсатында келгенін мәлімдеді. Ол ағылшын тілін үйрену оңайға соқпай жатқанын жасырмады.

«Ассаляму алейкум, баршаңызға! Алла ағылшын тілінде еркін сөйлеуге нәсіп етсін – осында келуімнің басты себебі де осы. Барынша тырысып жатырмыз, бірақ өте қиын болып жатыр. Дегенмен, тырысып бағудамыз», – деп бөлісті Елдос Сметов.