Екі операция да сәтті өтті
№1 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері бір апта ішінде екі бүйрек алмастыру операциясын сәтті жүзеге асырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Алғашқы жағдайда 48 жастағы әйел өзінің созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне байланысты екі жыл бойы гемодиализ алған әпкесіне бүйрегін берді. Екінші жағдайда 37 жастағы науқасқа әпкесі донор болды.
Екі операция да сәтті өтті. Қазіргі таңда донорлар мен реципиенттер палаталарға ауыстырылып, жағдайлары тұрақты.
Айта кетейік, №1 қалалық ауруханада бүгінге дейін 233 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалған.