Зейнеткерлерге дәрі-дәрмек ұсынатын алаяқтар көбейген
Танымал әнші Бүркіт зейнеткерлерді арбап, дәрі-дәрмек ұсынатын алаяқтар туралы айтып, желі қолданушыларын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тапсырыс беруді қоясыздар ма?! Осындай алаяқтар қаптап кеткен. Қанша айттым, ата-анамыз тыңдамайды. Осы кісілер сияқты зейнеткерлерге қоңырау шалып: «Апай, бізде мынадай дәрі бар» деп, болмайтын бір дәрумендерді қаншама ақшаға сатады сіздерге. Шаршамайсыздар, иә, сондайдан?!» – деді әнші.
Анасының айтуынша, кейбір дәрілер шынымен дертіне ем болған.
«Көмектессе жақсы ғой. Қаншама адамдар алданып жатыр. Өтірік әңгіме айтып, ақшаларын тартып алғандар қаншама?! Қолдан алатын дәрілерді қадағалайтын органдар бар ма? Осыған қарсы қандай заң бар?», – деп түйіндеді ол.