Араларында белгісіз ту көтергендер бар
Желіде тараған видео авторлары ер азаматтарға өз эмоциясын шығару жолдарын үйрететіндерін айтып, тренингтен өтуге кеңес береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кейінгі кездері «Мен миллионермін» сынды түрлі тренингтер қаптап кетті. Жақында тек ерлерге арналған, эмоцияны шығаруға көмектесетін сабақ жарнамасы шықты. Онда ер азаматтар ашуға беріліп, айқайлап, белгісіз туды желбіреткенін көруге болады.
«Қазақстанда суицидтің басым бөлігі ер адамдарға тиесілі. 2024 жылдың статистикасы бойынша қаңтар-шілде айларында аяқталған суицидтердің 74,9%-ы ересек ер адамдар арасында болған.
Эмоцияны шығару – әлсіздік емес, бұл – күш!
Айғайласаң – азат боласың. Айтсаң – жазыласың», – делінген анықтамада.
Мұндай әрекет көпшіліктің ашуын келтірді.
«Тренинг деген еркектерге жеткен бе?!», «Еркектер не болып бара жатырмыз?!», «Кобальт айдайтын жігіттер-ау, жолда шығара алмағанын, айқайлап шығарып жатыр», «Ауамен төбелесіп, қай жерге жетеді екенсіңдер?!» – деп жазады олар.