Ақтөбе облысында ерекше балалардың құқықтары бұзылғаны анықталды

Автор: Дәулет Ботагөз

Прокурорның қадағалауы арқасында 88 баланың құқықтары қорғалды

Фото: © istockphoto.com

Ақтөбе облысының прокуратурасы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған түзету кабинеттері мен білім беру мекемелерін тексеру барысында бірқатар заң бұзушылық анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Алға ауданында 75 бала психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде белгіленген 45 минуттың орнына небәрі 35 минут сабақ алған. Ата-аналар мен түзету кабинеттері арасындағы келісімшарттарда заңсыз шарттар көрсетілген: егер бала екі апта сабаққа қатыспаса, келісімшарт біржақты бұзылуы мүмкін. Апталық сабақтарға келе алмайтын балалар үшін қашықтан оқыту мүмкіндігі қарастырылмаған», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қарғалы ауданында 13 бала техникалық көмекшілер мен арнайы қозғалыс құралдарын ала алмаған. Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 88 баланың құқықтары қорғалды. Жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.