29.03.2025, 11:07
Жаңалықтар
Қазақстанның үш өңірінде жол қозғалысы шектелді
Жүргізушілерге жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын мұқият тексеру ұсынылады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Қазақстанда 29 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше республикалық автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша үш облыстағы жолдар жабық:
- Ақтөбе облысы: «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-92 шақырымы (Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін).
- Қостанай облысы: Қазақстан мен Ресей шекарасындағы бейтарап аймақ, Мариновка ауылы маңында (РФ шекарасы).
- Солтүстік Қазақстан облысы: «Петропавл қаласын айналып өту» автожолының 4-7 шақырымы (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені көпіріне дейін).
Жүргізушілерге жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын және жол қозғалысы жағдайын мұқият тексеру ұсынылады.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 16:16
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декреттік төлем мүлде төленбейтін болды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды