Алматыда 15 наурызда жоғалған ер адамның денесі табылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол 37 жаста болған

Фото: instagram.com/_volontery_almaty_lider.kz/

Алматыда 15 наурыз күні із-түзсіз жоғалған 37 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы жағдайдың нақты мән-жайы белгісіз. Волонтерлер ер адамның өлі денесі табылған орынды немесе өлімнің себептерін жарияламады.

Белгілі мәліметтерге сәйкес, 1987 жылы туған Кон Константин Игоревич Алматыдағы Петровский көшесі, 4-үй мекенжайынан белгісіз бағытқа шығып кеткен.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.