Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкерлері  қашықтан жұмыс істейді

Автор: Azattyq Rýhy

Себебі, әкімдік қызметкерлерінің бірінен коронавирус инфекциясы анықталған

Фото: ашық дереккөзден

Облыс әкімдігінің ғимаратында жұмыс істейтін бір келіншектен коронавирус инфекциясы табылған соң, Маңғыстау күшейтілген карантинге көшті, деп жазады Лада.кз. Бұл туралы басылымға Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасынан хабарлаған.

«Қазір қызметкерлердің 80% қашықтан жұмыс істеуге көшті. Ал, әкімдіктің ғимаратына тек бетперде таққан адамдар ғана кіре алады. Сондай-ақ, әкімдікке келетін адамдар саны қысқарды», - деп хабарлайды басқарма.

Ал, коронавирус анықталған келіншек вирусты жолдасынан жұқтырған екен. Бірақ, ер адамның вирусты қайдан жұқтырып алғаны белгісіз. Қазір вирус табылған әйелмен байланыста болған адамдардың барлығы дәрігердің бақылауында. Жұқпалы ауру табылған ошақ дезинфекцияланып, сақтық шаралары күшейтілген.