«ҚазАвтоЖол» осыған қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстанның шығысындағы екі бірдей облыста ауа райына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» осыған қатысты мәлімдеме жасады.
2025 жылғы 24 наурыз сағат 22:00-де Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 910-1002 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау а. – Көкпекті а.) көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 2025 жылғы 25 наурыз сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Сол сияқты Шығыс Қазақстан облысында да жол қозғалысына шектеу енгізілді.
«2025 жылғы 24 наурыз сағат 22:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.