Жеңіл атлетика аренасы 7 мың көрерменге арналған
Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан жеңіл атлетика аренасының құрылысы аяқталуға жақын екенін хабарлайды. Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты жазғандай, арена астананың сол жағалауында орналасқан.
«Арена 7 мың көрерменге шақталып салынып жатыр. Оның құрылысы соңғы сатыға өтті. Жаңа спорт кешені әлемдік деңгейде жарыс өткізіп, мықты жаттықтырушылар мен спортшыларды дайындап шығуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жеңіл атлетиканың дамуына үлес қосады», - деп хабарлайды дереккөз.
Жаңа нысан «Астана Арена», «Алау» мұз айдыны, «Барыс Арена», «Сарыарқа» велотрегі сияқты спорт кешендерінің жанынан салынып жатыр.