Қазақстанның Түркиядағы елшілігі үндеу жасады

Автор: Дәулет Ботагөз

Олар сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігі елдегі қазіргі жағдайға байланысты қазақстандықтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Түркияда жүрген Қазақстан азаматтарына адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, митингілер мен демонстрацияларға қатыспауға және қауіпсіздік шараларын күшейтуге кеңес берілді.

Қазақстандық дипломатиялық өкілдіктер ресми жаңалықтарды мұқият қадағалауға, жергілікті билік ұсынған ережелерді ұстануға және сақтық танытуға шақырды.

«Сонымен қатар әлеуметтік желілерде митингілер мен өзге де оқиғалар туралы ақпарат таратпауға, жеке пікір білдіруден бас тартуға кеңес береміз», — делінген хабарламада.

Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерінің жедел байланыс нөмірлері:

  • Анкарадағы елшілік: +905352734496
  • Стамбұлдағы Бас консулдық: +905012621465
  • Анталиядағы Бас консулдық: +905394400522
  • Измирдегі Бас консулдық: +905530998789