$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында бір мезетте 180 сәбидің тұсауы кесілді

Бұл шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылды

Абай облысында бір мезетте 180 сәбидің тұсауы кесілді
Фото: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысының әкімі Семей қаласының орталық алаңында бір мезетте 180 сәбиге тусаукесер рәсімін өткізуге қатысты. Бұл шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өңір басшысы зиялы қауым, мәдениет, білім, спорт және кәсіпкерлік салаларының өкілдерімен бірге 40 баланың тұсауын кесті», – делінген ресми ақпаратта.

Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралардың тағы бір жарқын сәті – 100 жас домбырашының бір мезгілде өнер көрсетуі болды. Олар Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын орындап, композитордың 100 жылдығына орай құрмет көрсетті.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамы аясында Абай облысында 300-ге жуық киіз үй тігілді. Оның 50-ден астамы Семей қаласының орталық алаңына орналастырылды.

 

Серіктес жаңалықтары