Қазақстан бойынша Нұр-Сұлтан қаласында балалар терезеден көп құлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері Қазақстанда 1-8 жасар 35 бала терезеден құлаған

Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Құтқарушылар баланың қауіпсіздігі ең алдымен үйдегі үлкендердің мойнындағы жауапкершілік дейді.

«Биыл 5 ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйлердің терезесінен 1-8 жас аралығындағы 35 бала құлаған. Соның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында 8 бала, Қарағандыда 7 бала, Жамбылда 3 бала, Павлодарда 2 бала, Батыс Қазақстан облысы, Атырау, Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Алматы қалаларында 2,Шығыс Қазақстан облысында бір бала, Ақтөбеде бір, Маңғыстауда бір бала терезеден құлаған», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Дереккөзіне сүйенсек, тек мамыр айында ғана ел бойынша 21 бала терезеден құлаған.

«Мәселен, 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында 2019 жылы туған бала 4 қабатты үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр», - дейді құтқарушылар