Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Автор: Дәулет Ботагөз

Олар халықты мұзға шықпауға шақырды

Фото: ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су айдындарындағы мұзға шықпауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Министрлік өкілдерінің айтуынша, ауа температурасының көтерілуіне байланысты мұз қабаты жұқара бастады. Бұл адам өміріне қауіпті жағдай тудырады. Жарықтар мен ойықтар пайда болып, мұз астына түсіп кету қаупі артуда.

«Осыған байланысты ТЖМ тұрғындарға мұзға, соның ішінде балық аулау үшін шығудан бас тартуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ, кез келген көлікпен мұз үстімен жүруге тыйым салынады», — делінген хабарламада.

Министрлік ата-аналарды балаларын қадағалаусыз қалдырмауға, оларға жұқа мұзға шығудың қаупі туралы түсіндіруге шақырды.