Балалары ерекше сый сыйлаған
Бүгін Мөлдір Мұқан өзінің туған күнін атап өтіп жатыр. Балалары ерекше сый сыйлап, көңілін босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мөлдір Мұқан» атты жеке кітапшада жылы естеліктер, балаларының ізгі тілегі жазылған екен. Ішіндегі жылы сөздерді оқыған ана жүрегі елжіреп, көңілі босады.
«Біз өзіміз кітап жаздық. Мұнда біздің барлық естеліктер. Бұл кітап Әдемі, Айым, Айару, Нариман, Райымбек пен Жібектің атынан сіздің туған күніңізге кішігірім естелік», – деп түсіндірді қызы.