Жүргізуші ғана аман қалды
Алматы-Жетіген тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кадрда ағаш түбінде қатты зақымданған көлік көрінеді.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, басқа көлікпен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады тәртіп сақшылары.
Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.