$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жезқазғанда Наурыз мейрамына сахна безендірген ер адам биіктен құлап, көз жұмды

Мәдениет басқармасы өздерін ақтап отыр

Жезқазғанда Наурыз мейрамына сахна безендірген ер адам биіктен құлап, көз жұмды
Фото: t.me/patriot_patriot

Жезқазғандағы Орталық саябақта Наурыз мейрамына арналған сахнаны безендіру кезінде биіктен құлап кеткен ер адам жансақтау бөлімінде төрт күн жатып, қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Патриот» Telegram арнасы хабарлауынша, қайтыс болған азамат – 1970 жылы туған Жанис-Лаурис Вильчинскас. Ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мерекелік безендіру жұмыстарына қатысқан. 14 наурыз күні үш метрден астам биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған. Жедел жәрдем оны облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, 18 наурызда науқас қайтыс болды.

«Өлім себебі – ми ісінуі, ми бағаналы құрылымдарының зақымдануы және өкпе эмболиясы», – деп хабарлады Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Алайда Жезқазған қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Гүлзада Шомаева кәсіпкердің ресми түрде қандай жұмыстарға тартылғанын нақтылаудан бас тартты.

«Ол құлағаннан кейін бірден қайтыс болған жоқ, ауруханада жатты. Сондықтан оның өлімін саябақтағы жұмыспен байланыстырудың қажеті жоқ. Біз оны жұмысқа тартқан жоқпыз, тіпті ол жерде не істеп жүргенін де білмеймін», – деді Шомаева.

Серіктес жаңалықтары