Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған қырғыз әншісі қамаудан шықты

Автор: Дәуренқызы Алма

Ол 100 мың сом көлемінде айыппұл төлейтін болды

Фото: видеодан кадр

Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Нәсілдік, ұлттық, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздықты қоздыру» бабы бойынша 100 мың сом (шамамен 588 516 теңге) айыппұл салғанын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Қазақ елінен өз атымнан Кенесары басы үшін кешірім сұраймын деген сөздерім қоғамда қызу талқыға түсіп, кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті шақырған еді. Нәтижесінде 330-бап, елдер арасында қастықты қоздыру деген айып аясында сот өтті. Үкім күшіне енді. 100 мың сом қырғыз мемлекеті бюджетіне төлейтін болдым», – деді Қайрат Прімбердиев.

Бұған дейін қырғызстандық әнші Қайрат Примбердиев қазақ халқынан Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған болатын. Қазақстандық сайтқа берген сұхбатында ол тарихи оқиғаларға қатысты пікір білдірді. Қырғыз ханы Ормон ханның Кенесары Қасымовтың басын алуға мәжбүр болғанын айтып, қазақ халқынан кешірім сұраған:

«Біздің Ормон хан Кенесары ханды өлтіруге мәжбүр болған. Мен бұл үшін қазақ халқынан кешірім сұрағым келеді. Бұл жағдай үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Қазір жылағым келіп тұр, расында. Біз Кенесары ханның басын қайтарып, Құран оқып, бұл ренішті лайықты түрде ұмытуымыз керек», – деген еді әнші.

Кейін Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) күдіктінің ұлтаралық араздықты қоздырғаны туралы хабарлап, әртіс қамауға алды. Сондай-ақ ведомство әншінің елден шығуына тыйым салған еді.