«Әлидің тосын сыйы болды»: Роза Рымбаева келінін қолдап, оның тобымен жаңа ән жазды (ВИДЕО)

Автор: Дәуренқызы Алма

Әли Оқапов анасын келінін қолдауға көндірген 

Фото: видеодан кадр

Ақерке Бүркітбай жаңа ILIGAI тобы құрылып, өнер айдынында жүзетінін хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үш қыздан құралған топ RevueNews-ке сұхбат беріп, жаңалықтарын бөлісті. Жаңа топтың шығармашылығына халық әртісі Роза Рымбаеваның өзі қолдау көрсеткен екен.

«Бізде бір коллаборация бар. Менің енем, анаммен ILIGAI тобының дуэті дайын болды. Бір үйде жүрсек те, бұл жаңалыққа ерекше қуандым. Ол – Әлидің бізге ұсынған тосын сыйы. Ән жазайық деген ұсыныс болды», – дейді Ақерке.