$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Зейнетақы жыл сайын өседі: Қазақстанда зейнеткерлер орта есеппен 143,8 мың теңге алады

Елімізде 2 миллионнан астам зейнеткер бар

Зейнетақы жыл сайын өседі: Қазақстанда зейнеткерлер орта есеппен 143,8 мың теңге алады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 694,7 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға – 224,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 470,2 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 455 мың адам. 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 800 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 96 117 теңге, базалық зейнетақы – 47 683 теңге.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.

Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.

Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары