«Осылай күнде ұрады»: Алматыда зейнеткер инсульт алған әйелін қинап, жаттығу жасатқан (ВИДЕО)

Автор: Дәуренқызы Алма

Куәгерлер оқиғаны видоеға түсіріп алған

Фото: видеодан кадр

«Мой Алматы» Telegram-арнасында жарияланған видеода зейнеткердің жасы келген әжейді жұлқылап, жаттығу жасатып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Алматы қаласында «Әділет» тұрғын үйінің ауласында болған. Видео авторы ер адамның бұлай ұрып-соғуы бірінші рет емес екенін айтады.

«Осылай күнде ұрады. Істегісі келмесе, қинап несі бар?!», – дейді авторы.

Алматы полиция департаменті жағдайға байланысты түсініктеме берді.

«Осы оқиғаға қатысты «102» басқару пультіне хабарлама, қоңырау түскен жоқ. Дегенмен қазір Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – делінген полиция жауабында.