«Құлағын кесіп, аяғын темекімен күйдірген»: Ресейде өгей әкесі бір жарым жасар баланы азаптаған

Автор: Дәуренқызы Алма

Айыпталушы баласы ұйқы бермегеннен кейін осындай әрекетке барған

Фото: istockphoto.com

Ресей құрамына кіретін Алтай Республикасындағы Сейка ауылының тұрғыны мас күйінде бірнеше сағат әйелінің баласын азаптаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алдымен ол баланың басы мен денесін жұдырықпен ұрған, кейін аяғын темекімен күйдірген. Ал соңында құлағын кескен», – делінген Meduza материалында.

Қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушы бәрін мойындап, түсініктеме берген. 

Бала республикалық ауруханада жатыр.