«Айыппұлдан көз ашпайды»: Әзербайжан студенттері жемқор колледж директорын ұрып-соққан

Автор: Дәуренқызы Алма

Тарих мұғалімі оқиғаның мән-жайын айтып берді

Фото: istockphoto.com

Әзербайжан мемлекеттік экономика университетіне (UNEC) қарасты Әлеуметтік-экономикалық колледж директоры Шахрияр Лачынов соққыға жығылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Oxu.Az сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы колледждің тарих пәнінің мұғалімі Ғаландар Мұхтарлы мәлімдеген.

Оның айтуынша, директор сабақтарға қатыспайды, ал колледж «айыппұл арқылы қаржыландырылатын үлгілі оқу орнына» айналған. 

Сондай-ақ ол соңғы курс студентінен төмен бағаны түзету үшін 1450 манат талап еткенін алға тартты.

Ұстаз осындай мыңға жуық жағдайдың тіркелгенін, сол себепті наразы адамдар колледж басшысын ұрып-соққанын айтты.