Желіде көшедегілерді оразасын бұзуға шақырған жарнамалық видео тарады
Видеода жас жігіт көшеде кетіп бара жатқандарға 50 мың теңге ұсынып, оразасын бұзуды сұраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазір аузыңды ашып, оразаңды бұзсаң, 50 мың теңге беремін. Оған қоса бургер сыйға аласын», – деп ұсыныс жасады жігіт.
Жолда кездескен екі жігіттің бірі келісіп, оразасын бұзады. Видео жарнамалық мақсатта, әзіл ретінде түсірілгенімен халықтың ашуына тиіп, біраз теріс пікір жазылды.
«Ақша берген адамның өзі кінә арқалады», «Басқа видео түсіруге болмайтын ба еді?! Оразаны мазақ еткендерің қалай?» «Оданша ауыз бекітсең 50 мың теңге беремін деп сауапқа кенелмедің бе?!» – дейді желі қолданушылары.