«Балиден вилла керек»: танымал актриса болашақ күйеуінен не сұрайтынын айтты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Вилланың құны 202 мың доллардан басталады

Фото: Instagram/zhazira_yerkin

Танымал актриса Жазира Еркін болашақ күйеуінен мәһрге не сұрайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актриса жиындардың бірінде өзіне қойылған сауалға жауап берді.

«Бұл сұрақ маған осыған дейін де қойылған. Индонезия елінде Бали деген арал бар. Сол жерден вилла сұраймын. Бағасын білмеймін. Бірақ ол виллалар жиынтығы сияқты қонақүйге ұқсас болады», - деді Жазира Еркін.

Bali.realestate сайтындағы хабарландыруларға көз жүгіртсек, актрисаның қалауындағы үйлердің құны 202 мың доллардан басталып, 3,4 млн долларға дейін жетеді.

Айта кетейік, жуырда Жазира Еркін әріптес құрбысы Фариза Ескермеспен бірге «Мен ең болмағанда» трендін түсіріп, бір-бірінің айыбын ашқан болатын.